Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің Басқарма Төрағасының көмекшісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 день ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін еркін меңгерген жөн.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы”, “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар, Экономикалық қызмет түрінің экономикалық және техникалық даму бағыттарын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар; ұйымның және оның бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару, техникалық-экономикалық жоспарлау және талдау негіздері; ұйымның өндірістік құрылымы және басқару құрылымы; бөлімшелер арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстар; шаруашылық жүргізу әдістері, Менеджмент және Маркетинг негіздері; іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелері; орындалуын бақылаудың нысандары мен әдістері; ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары; іскерлік келіссөздер; іскерлік қарым-қатынас этикасы; өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік талаптары.Негізгі міндеттері:
- Қоғам Басқармасы мүшелерінің жұмыс күнін жоспарлауға: кездесулер, сапарлар, қоңыраулар, қабылдаулар және басқа да іс-қимылдар өткізу кестесін әзірлеуге және келісуге;
- басқарма мүшелерін техникалық қамтамасыз етуді жүргізу: әуе-теміржол билеттеріне тапсырыс беру, келіссөздер, кездесулер және т. б. ұйымдастыру;
- Басқарма Төрағасы өткізетін отырыстарды, кездесулерді, кеңестерді өткізуді дайындауды ұйымдастыруға;
- қажетті материалдарды дайындауға, қатысушыларды олардың өткізілетін уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар етуге;
- Басқарма мүшелерінің кездесулерінің, отырыстарының, келіссөздерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін хаттамалар мен басқа да құжаттарды жүргізуге міндетті;
- Басқарма Төрағасы өткізетін аппараттық және өзге де жұмыс кеңестерінің хаттамаларын жүргізуге міндетті;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына Басқарма Төрағасының нұсқауларын, өкімдерін жеткізсін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырсын;
- ақпаратты жинауға, Басқарма Төрағасына талдамалық, ақпараттық, анықтамалық және басқа да есептерді дайындауға және ұсынуға;
- Басқарма мүшелерімен телефон арқылы келіссөздер жүргізуді ұйымдастыруға, олар болмаған кезде әртүрлі байланыс арналары арқылы алынған ақпаратты жазуға және оның мазмұнын Басқарма мүшелеріне жеткізуге;
- Басқарма мүшелерінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесін жасауға және бақылауға;
- келушілерді Қоғамның Басқарма мүшелеріне жеке қабылдауға жазуды жүзеге асыру;
- Басқарма мүшелеріне қол қоюға кіріс хат-хабарлары бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыруға, есепке алуды жүргізуге және орындаушыларға кері беруге;
- хаттар, сұрау салулар және басқа да қажетті құжаттарды жасауға;
- Басқарма мүшелерінің жұмыс орындарын ұйымдастыру техникасының қажетті құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге міндетті.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 ж. 14 мамырды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2026 жылғы 15 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

