2024 жылғы курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Ляззат Адыбаева және Ляззат Орманбекова “Action Research “Іс-әрекеттегі зерттеу”- қолданбалы сапалы зерттеу тәсілі” тақырыбында Алматы облысы, Талғар ауданы, №28 орта мектебінде семинар өткізді. Семинар жұмысына 32 педагог қатысты.
Іс-шараның мақсаты курстан кейінгі қолдау арқылы “Іс-әрекеттегі зерттеу” тәсілін білім беру үдерісіне енгізу арқылы әріптестік қатынастарды орнату және жетілдіру, педагогтер біліктілігін арттыру және білім беруді дамыту жолдарын айқындау.
Семинар барысында педагогтер “Іс-әрекеттегі зерттеу” тарихы, зерттеу кезеңдері туралы толық мағлұмат алды. Проблемаларды анықтау, оны шешу жолдарын үйренді. “Іс-әрекеттегі зерттеу” тәсілі мұғалімге күнделікті оқу үдерісінде кездесіп жүрген проблеманы анықтап, оқушылардың оқуын жақсартуға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілі. Семинар соңында тыңдаушылардан кері байланыс алынып, өзіндік жұмыстары талқыланды.


