2 қаңтар күні Жаңақорған шипажайында Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің демеушілігімен мақсатты мектеп басшыларына арналған Тәжірибе алаңы өз жұмысын бастады. Аталмыш шараның ашылу салтанатында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 80-ге жуық мектеп басшылары бас қосты. Алаңның ашылу салтанатында сөз алған Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы […]
Толығырақ«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мақсатты мектеп педагогтеріне әдістемелік сүйемелдеу жүргізетін әдіскерлерге арналған семинар өтті. Семинар жұмысы әдіскерлерге сабақты жоспарлау, оқытуды бақылау, сабақта білім алушылардың өзара әрекетін бақылау, бағалауды бақылау және сабақтың рефлексиясын бақылау, кері байланыс беру дағдыларын дамытуға бағытталған. «Сабақты жоспарлауды бақылау» тренингінде педагогтердің сабақты жоспарлау және кері байланыс беру дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. […]
ТолығырақБүгін Сыр өңірінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауы өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада креативті идеяларымен үздік шыққан, шығармашыл, digital ұстаздардың есімдері аталды. Марапаттау рәсімінде сөз алған филиал директоры Бауыржан Тәжімағанбетұлы байқауға қатысқан әрбір педагогтің ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысы кәсіби өсуіне, шеберлігін шыңдауға себеп болатындығын […]
Толығырақ«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен биыл бесінші рет өткізілген «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Республикалық байқау мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің пәндік сауаттылығын дамыту саласындағы заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату […]
ТолығырақМемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауында ашылған №290 мектепте 30-31 қазан күндері «Жайлы мектеп» басшылары мен педагогтеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда филиалы ұйымдастырған семинар жұмысы «Жайлы мектептердің» педагогикалық ұжымына ұйымшылдықты, бір-біріне деген сенімділікті және оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін топ құру қағидаттарын […]
ТолығырақПедагогтерге қолдау көрсету бағытындағы әдістемелік қызметті жаңғырту және жүйелеу қажеттілігі – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты қазіргі таңда орта білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының және мектеп-интернаттардың аға тәлімгерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, курстан кейінгі қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында аға тəлімгерлерге арналған «Жазғы сауықтыру лагерінде балалардың коммуникативтік дағдысын дамытуға […]
ТолығырақБүгінгі күні ақпараттық технологиялар әлемінде цифрлық сауаттылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық сауаттылықты дамыту ақпараттық технологиялар дәуірінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, Қазақстанда цифрлық сауаттылық мәселесі өзекті және ерекше назар аударуды талап етеді. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Цифрлық келешек және ұлттық құндылықтар» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті. […]
ТолығырақПедагогтерді аттестаттау Ережесінің жобасын талқылау мақсатында Қызылорда облысы бойынша құрылған мобильді топ 1 наурыздан бастап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мобильді топ құрамына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, облыстық білім басқармасы, білім сапасын бақылау департаменті, әдістемелік орталық, кәсіподақ ұйымы, КББ ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен арнайы және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары енді. Мобильді топ […]
ТолығырақҚызылорда қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінде «Жаратылыстану пәндерін оқытуда креативті идеялар арқылы оқушылардың ғылыми зерттеушілік қабілеттерін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Әдістемелік семинар жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қызылорда облыстық әдістемелік оқу орталығы және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшылары, қызметкерлері мен жаратылыстану пәні мұғалімдері, ғылыми зерттеумен айналысатын оқушылар […]
Толығырақ26 ақпаннан бастап «Өрлеу» Қызылордада біліктілікті арттыру курстары басталды. Атап айтқанда, – мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту»; – мектепалды даярлық топтарының, сыныптарының педагогтеріне арналған «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Аталған курстар мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің ойындық құзыреттілік деңгейін арттыруға, […]
Толығырақ
