Cабақ үдерісінде жобалау жұмыстарын тиімді жоспарлау

2024 жылдың 22 және 23 қаңтары аралығында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы мектеп мұғалімдеріне арналған зертханалық сабақ өтуде жобалау жұмыстарын тиімді жоспарлау бойынша курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ аға оқытушысы Дариға Қартбаева педагогтермен семинар өткізді. Іс-шараға 72 биология пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында тренер «Табысты 50 мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған PASCO модификациялық құрылғыларын оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыруда пайдалану маңыздылығына тоқталды. Сабақта жобалау жұмыстарын жоспарлауда білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, құндылықтарға назар аудару және жас ерекшеліктерін ескеру қажеттілігіне мысалдар келтірді.

Сонымен бірге ағымдағы жылда Институт жоспарына сәйкес биология пәні мұғалімдеріне жоспарланған семинарлар және біліктілікті арттыру курстарының тақырыптарымен таныстыра отырып, аудан биологтарын қызықтырған сұрақтарына нақты жауап беріп өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар