Рубрика: Өрлеудің Орталық Аппараты

Педагогтерді аттестаттаудың 2025–2026 жылдарға арналған кезеңі басталды

«Ұстаз» цифрлық платформасында педагогтерді 2025–2026 жылына арналған аттестаттау кезеңі басталды. «Педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» санаттары бойынша аттестаттау үдерісі толықтай цифрлық форматта жүзеге асырылады. Педагогтер туралы мәліметтер бірқатар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Сонымен қатар платформада аттестаттау мәселелері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, техникалық мәселелерді жедел шешуге көмектесетін AI-ассистент іске қосылды. Толығырақ материалдан танысуға болады.

Толығырақ

Педагогтердің жеке профильдерін толтыру тәртібі бойынша бейненұсқаулық

«Ұстаз» ұлттық платформасында педагогтердің жеке профильдерін толтыру тәртібі бойынша бейне-нұсқаулық. Платформаға мәліметтерді енгізу деректерді енгізуге жауапты тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.

Толығырақ

Педагогтерді аттестаттау: міндетті талаптар мен жиі қойылатын сұрақтар

Тікелей эфир барысында аттестацияға қатысты ең өзекті сұрақтарды талқылаймыз және процедураның негізгі сәттері бойынша толық түсініктеме береміз. Сонымен қатар, педагогтер эфир чатына өз сұрақтарын қоя алады.Спикер: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің бас маманы Гүлден Мұхамеджанова. Тікелей эфир @orleu_official Instagram ресми парақшасында өтеді.

Толығырақ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2025» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастырған функционалдық сауаттылықтың жеті бағыты бойынша өткен республикалық конкурс өз мәресіне жетіп, Жамбыл облысы педагогтерінің жарқын жеңістерімен қуантты!🏆 Біз өңіріміздің білім беру саласын алға сүйреп жүрген білікті де шығармашыл ұстаздарымызбен мақтанамыз:🥈 Александр Скалкин — №40 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі — ІІ орын,🥉 Гүлбақыт Бердалиева — №7 «Келешек» мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі […]

Толығырақ

ТМД елдерінің «Мектеп кітапханалары – жаһандық білімнің орталығы» атты халықаралық форумы өтті

ТМД елдерінің қатысуымен Мәскеу қаласында Бірінші халықаралық мектеп кітапханашылары форумы ұйымдастырылып, оған Қазақстан Республикасының делегациясы да қатысты. Делегация құрамында «Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының өкілдері мен республикалық мектеп кітапханаларының мамандары болды.Форумды ұйымдастырушылар: Ресей Федерациясының Білім министрлігі және «Знание» Ресей қоғамы.Форумға Ресейдің 89 аймағынан 1000-нан астам қатысушы келді, сонымен қатар Қазақстан, Абхазия, […]

Толығырақ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы шығарылды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан конкурсқа биыл еліміздің барлық өңірінен рекордтық 16 мыңнан астам педагог қатысты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Салтанатты жиында алғы сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында хакатон ұйымдастырылды

Конкурс жүлдегерлері 7 командаға бөлініп, функционалдық сауаттылықтың әр бағытының маңыздылығы мен өзектілігін таныстырып, жеке жобаларын қорғады. Қатысушылардың белсенділігі мен бірлігі, командалық жұмысы фотосуреттерден айқын көрінеді. «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы осымен екі жыл қатарынан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Астанадағы №101 мектепте өтті. Серіктестік танытқан мектеп ұжымына зор алғыс білдіреміз!

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының жүлдегерінен кері байланыс

Жеңімпаз байқаудың биылғы ерекшеліктеріне тоқталып, ұсынған жұмысының негізгі артықшылықтары мен педагогикалық маңызын атап өтті. Математикалық сауаттылық бағыты бойынша I орын иегері – Өтегенова Айнұр Түреахметқызы.

Толығырақ

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы-2025»: республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, British Council Kazakhstan, ЮНЕСКО, STEM Solutions өкілдері қатысты. Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша жеңімпаз болған 47 педагог 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен ақшалай сертификаттарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-та ең көп қаралған бейнемазмұндардың авторлары да арнайы марапат алды. Енді жеңімпаздар ТМД елдерінің педагогикалық шеберлік фестиваліне қатысып, […]

Толығырақ

“Педагогикалық идеялар панорамасы-2025”: 47 жүлдегер анықталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан конкурсқа биыл еліміздің барлық өңірінен рекордтық 16 мыңнан астам педагог қатысты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Биылғы байқау талаптары жөнінде толығырақ бейнероликте.

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар