Рубрика: Өрлеудің Орталық Аппараты

Тренерлерге сертификат табысталды

2022 жылдың 3 мамыры – 15 маусымы аралығында EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институтының ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларын әзірлеуші тренерлерге арналған «Тәжірибе арқылы оқыту» тақырыбында курс өткізілді. Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының 8 тренеріне 160 сағат көлеміндегі курсты нәтижелі аяқтағаны туралы сертификат табыс етілді. Семинар жұмысына институттың тәжірибелі мамандары Ұлтай Ешимова, […]

Толығырақ

Кәсіби дамуға бағытталған курс

2022 жылдың 20.06-01.07. аралығында Уалиханов ауданында «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Курс мазмұны педагогтің ақпараттық-коммуникативті құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін, креативтілігін дамыту көзделген. Біліктілікті арттыру курсында семинар, практикалық жұмыстар, демо-сабақты қорғау және кәсібилігін анықтауға бағытталған тест жұмыстары жүргізіледі. Педагогтердің шеберлігін жетілдіру мақсатында шеберлік сыныптарда бірнеше педагогтер өз […]

Толығырақ

Курс тыңдаушылары мұражайға саяхат жасады

Тәуелсіз еліміздің мәдениеті мен тағылымды тарихын тану, туған өлкеміздің, ата-бабаларымыздың өткенін білу – әрбір азаматтың парызы. Жас ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, елі үшін мақтаныш сезімі, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындығын тәрбиелеуде өлкетану деректерін оқып-үйренудің маңызы зор. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтында мектеп кітапханашыларына арналған […]

Толығырақ

Курс тыңдаушылары тарихи-өлкетану мұражайында

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, музыка пәндері мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курстары өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу бағытында жүзеге асырылуда. Жас ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, елі үшін мақтаныш сезімі, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен […]

Толығырақ

Көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды

Оралдағы «Өрлеу» институты меморандум аясында қаламыздағы білім ордаларымен бірлесе қызмет атқаруда. Тыңдаушылар курстан алған теориялық білімдерін білім ұйымдары базасында көшпелі тәжірибелік сабақтар шеңберінде іске асыруда. Бірлескен қызмет тыңдаушылардың кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.  Атап айтсақ, 14 маусым күні №19 ЖББОМ базасында «Физика сабақтарында шығармашылық ізденіске жетелеу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Жаратылыстану және […]

Толығырақ

Кемел тұлғамен кездесу

Бүгін Оралдағы «Өрлеуде» ҚР халық ағарту ісінің үздігі, математик, білім саласына 40 жылдан аса еңбек сіңірген ардақты ұстаз Қуантқан Ырзаұлы Вановпен кездесу өтті. «Маңғыстау мұғалімі», «Маңғыстау әдіскері» басылымдарының бас редакторы болған ұлағатты тұлғамен кездесуге курс тыңдаушылары мен институт қызметкерлері қатысты. Дарынды математик, өнертапқыш, қарымды қаламгер, зерттеуші ғалым, ақын-сазгер, «Сегіз қырлы бір сырлы» тұлға еліміздің кемел […]

Толығырақ

Форум жұмысының қорытындысы

Қостанай филиалы ұйымдастырған, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның 10 жылдығына арналған «Өрлеу»: мықты кадрлар – лайықты болашақ» білім беру форумы өз жұмысын аяқтады. Форум аясында келесі іс-шаралар өтті: «Педагогтың кәсіби өсуінің жүйесін құру: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы халықаралық қатысумен панельді пікірсайыс, «Жетістік формуласы» психологиялық-педагогикалық квесті және «Orleu Robotics» виртуалды білім беру көрмесі.

Толығырақ

Білікті ұстаздар басқосты

20 шілде күні курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша қалыптастырушы, жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру. Білім алушылардың азаматтық, тұлғалық болмыстарын қалыптастыру, отансүйгіштік қасиетке тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар Орал қаласы   «Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия» базасында өтті. […]

Толығырақ

Жамбыл облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған British Counsil пилоттық жобасы

“Өрлеу “БАҰО” АҚ мен British Council танымал халықаралық компаниясымен серіктестікте пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде ағылшын тілі мұғалімдері әлемдік стандарттарға сәйкес кәсіби құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік алды.  Жобаға қатысу үшін мұғалімдер B1 ағылшын тілін білу деңгейін растауы керек. Олар грамматика, лексика, оқу және тыңдау дағдылары бойынша тапсырмаларды орындап, English Score онлайн-тестін тапсырды. Қордай ауданы мен Тараз […]

Толығырақ

Сандық білім беру ресурстары – мазмұнды сабақ кепілі

Сандық білім беру ресурстарын оқу процесінде тиімді қолдану мақсатында  ағымдағы жылдың 20 маусым күні Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының  аға оқытушылары Кулен Фарида, Жұлдыз Кошербаева бастауыш сынып мұғалімдеріне  семинар өткізді. Семинар барысында қатысушыларға оқыту жағдайында видео ресурстарды қолданудың тиімділігі жайлы айтылып, YouTube-тегі «Өрлеу» білім беру арнасындағы орта мектептің барлық пәндері бойынша дайындалған 5000-нан астам […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар