Рубрика: Өрлеудің Орталық Аппараты

Мұғалімдерге арналған инклюзивті білім беру бойынша тегін онлайн-курс іске қосылды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының MOOC цифрлық платформасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған тегін онлайн-курс іске қосылды. Оқу бағдарламасын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ЮНИСЕФ-тің қолдауымен әзірлеген. Бағдарламаны әзірлеуге инклюзивті білім беру саласындағы жетекші шетелдік мамандар тартылды. Курс аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен тиімді қарым-қатынас құру және […]

Толығырақ

Астанада өткен AELLCA бағдарламасының тренингіне Жамбыл Өрлеу филиалының тренерлері қатысты

AELLCA бағдарламасы білім беру жүйесін жаңғырту аясында әзірленген және ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруды, тренерлердің кәсіби әлеуетін күшейтуді мақсат етеді. Бағдарлама халықаралық тәжірибеге сүйенген жаңа тәсілдерді біліктілікті арттыру жүйесіне енгізуге бағытталған. Астанада өтіп жатқан каскадты оқу модельдері трнерлік жұмыстың негізгі компоненттерін қамтиды.Қатысушылар тренинг сессиясын жоспарлау, материалды тиімді құрылымдау, аудиториямен өзара әрекеттесу, фасилитация және рефлексия дағдыларын […]

Толығырақ

Халықаралық тәжірибелі жетекші тренер «Өрлеу» БАҰО» басшыларын оқытуда

Астанада 16 желтоқсаннан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған «Корпоративтік басқарудағы жүйелі коучинг» сертификаттау курсы басталды. Курс бағдарламасы персоналды тиімді басқару, басқару шешімдерінің сапасын арттыру үшін қажетті коучингтік құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқыту APC (Association of Professional Coaches), ICTA (International Coaching And Trainer Assotiation) стандарттарына, қосымша білім беру стандартына […]

Толығырақ

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

«Ардақты ұстаздар, құрметті әріптестер! Сіздерді ұлт рухын асқақтатар Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған тарихи шешім Қазақстанның жаңа дәуірін ашып, елдік бірлігіміз бен мемлекеттілігіміздің мызғымас негізіне айналды. Тәуелсіздік күні – азаттықтың қадірін айшықтайтын, болашаққа деген сенімді бекітетін қасиетті мереке. Ал білім беру жүйесін дамыту жолындағы Сіздің еңбегіңіз – еліміздің өркендеуіне және зияткер […]

Толығырақ

«Өрлеу» тренерлері Моңғолияда қазақ тілінде пән жүргізетін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын бастады

Мемлекет басшысының Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары аясында гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөнінде берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия Үкіметтерінің қолдауымен Баян-Өлгий аймағында қазақ тілінде пән жүргізетін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын бастады.Бір аптаға жоспарланған оқу бағдарламасына Моңғолияның білім беру ұйымдарында […]

Толығырақ

📘 AELLCA бағдарламасы – ағылшын тілін оқытуды жеделдету

Ұлттық білім беру жүйесін реформалау аясында Британ Кеңесі Орталық Азияда ағылшын тілін жедел оқытуға арналған кешенді бағдарлама (Accelerating English Language Learning in Central Asia – AELLCA) әзірледі. Бағдарлама ағылшын тілінің мұғалімдерін даярлауға және өңірдегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға бағытталған. 👩‍🏫 Өрлеу-Қостанай филиалының педагогтері: «Accelerating English Language Learning in Central Asia» бағдарламасы аясында пәндік тренерлерге […]

Толығырақ

TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің деректері негізінде «Казахстанская правда» газетінде «Өрлеу» Басқарма төрағасының мақаласы жарияланды

Онда Қазақстан педагогтерінің кәсіби дамуының қазіргі ахуалы және білім беру жүйесінің жаһандық үрдістермен үйлесімі сараланған. А. Шилибекова мұғалімдердің білім алуға ынтасы және біліктілікті арттыру жүйесінің орнықты дамуын атап өтеді. Сондай-ақ жас педагогтерді қолдау, ИИ-технологиялар бойынша даярлық, сыныптағы тиімді менеджмент және ата-аналармен конструктивті байланыс бағыттарының стратегиялық мәнін ашып көрсетеді. 📰 Толығырақ «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаладан […]

Толығырақ

«Өрлеу» мен British Council AELLCA бағдарламасы аясында пәндік тренерлерді оқытуды бастады

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жаратылыстану, математика және информатика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш бағыттары бойынша оқытатын 64 пәндік тренері British Council Kazakhstan және NILE ұйымдарының мастер-тренерлері мен сарапшылары қатысатын қарқынды оқу курсынан өтуде. Бағдарлама каскадты оқыту тетігі арқылы тренерлердің үздіксіз кәсіби дамуы жүйесін нығайтуға бағытталған. Қатысушылар педагог-тренердің рөлі, ересектерді оқыту қағидаттары, материалды тиімді […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауы жеңімпаздарының тізімі

№ Өңір Жеңімпаздың аты-жөні Оқу сауаттылығы 1 Батыс Қазақстан облысы Джумашева Гайша  2 Шымкент қаласы Еркін Ақерке  3 Шығыс Қазақстан облысы Байбулова Айнаш  4 Жамбыл облысы Бердалиева Гулбахыт  5 Қостанай облысы Афанасьева Ирина  6 Павлодар облысы Баядилова Мейрамгуль  7 Солтүстік Қазақстан облысы Мусина Дильнара Математикалық сауаттылық 8 Батыс Қазақстан облысы Утегенова Айнур  9 Ақмола облысы […]

Толығырақ

Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін отандық мультфильм жарыққа шығады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді шаралар жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп, балаларға ақша басқарудың негізгі дағдыларын үйрететін анимациялық фильм дайындады. «Қаржы әлемі» – орман қалашығында өмір сүретін мектеп оқушылары туралы 12 бөлімнен тұратын мультсериал. Әр серияда Барыс, Арқар, Бұғы, […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар