2023 жылдың 2 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ғалым Іркітбай «Педагогтардың кәсіби құзырлығын жетілдіру – заман талабы» тақырыбында Qazaq Radiosy-ның «Құтты білік» айдарына өз сұхбатын берді. Сұхбатта кәсіби педагогикалық қызметінің мазмұны мен сапасына бірыңғай талаптарды белгілеу, педагогтердің біліктілік деңгейін бағалау, аттестаттауды жүргізу, лауазымдық нұсқаулықтарды қалыптастыру, біліктілікті сертификаттау және растау, кадрлар […]
ТолығырақБүгін, Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Култуманова Алмагуль Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен келді. Институт әкімшілігімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар біліктілікті арттыру курстарының сапасы, білім беру бағдарламаларының бағыттары мен оқытушылардың жағдайына байланысты мәселелер талқыланып, ынтымақтастықты тереңдету жолдары қарастырылды. Кездесу соңында тараптар өз ризашылықтарын білдіріп, сенімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Толығырақ2023 жылдың 28 қыркүйегінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Бисенбаева өзара сабаққа қатысу, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу ауылындағы орта мектебінде бастауыш пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларымен кездесті. Курс жетекшісі – Арай Қарсыбаева. Кафедра меңгерушісі ашық пікір алмасу […]
Толығырақ2023 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысы, Іле ауданының №40 орта мектеп базасында “Үздік сынып жетекші – 2023” атты облыстық байқауы өтті. Байқауға Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Хуршидам Масимова қазылар алқасы құрамында облыс педагогтерінің сынып жетекшілер ретіндегі тәжірибелерін көруге мүмкіндік алды. Аталған байқауға облыстың 12 мұғалімі қатысты. Байқау […]
ТолығырақБүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібінде – атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Кеңесті Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев ашты. Отырысқа жиналған ғылыми кеңес мүшелерімен амандасып, аталған тақырыптарды талқылауға көшті. Күн тәртібіне сәйкес «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасында жүзеге […]
ТолығырақӨрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында 2023 жылдың 11 және 22 қыркүйегі аралығында тренер Тәжібаева Гаухар «5-9 сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Тыңдаушылар оқытудың барысында сызықтық және квадраттық функцияның графигін құруда GeoGebra бағдарламасын қолдану ерекшеліктерін қарастырды. Графиктің коэффициенттеріне қатысты орналасуын, олардың тәуелділіктерін негіздеп, берілген […]
ТолығырақАлматы қаласының №4 кітапханасында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы қатысушыларының құрметіне салтанатты жиын өтті. Шараға «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің бұрынғы төрағасы, қоғам белсендісі Бейсенғазы Сәдуұлы, «Желтоқсан-Алматы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбек Дүрүмбайұлы және Желтоқсан оқиғасы қатысушылары қатысты. Салтанатты жиында Тәуелсіздікке үлес қосушылардың ерлігі мен батылдығы туралы сыр шертілді. Желтоқсан құрбандары туралы түрлі естеліктер айтылды. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан […]
Толығырақ2023 жылдың 11 және 22 қыркүйегі аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында тренер Адыбаева Ләззаттың басқаруымен «7-9 сыныптарда география мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өтіп жатыр. Курстың мақсаты – заманауи талаптарға сай теориялық және практикалық мәселелерді шешудің ғылыми әдістерін меңгеру, бақылау жүргізу, нәтижелерді талдау арқылы география пәні мұғалімдерінің білім сапасын арттыру болып […]
ТолығырақЖетісу облысы, Панфилов ауданы, облыстық №4 арнайы мектеп-интернатында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай арнайы білім беру ұйымдарының мамандарына арналған «Арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және түзету процесін ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізіп жатыр. Оқыту 2023 жылдың 11 қыркүйегінен 22 қыркүйегіне дейін жалғасады. Курс бағдарламасы тыңдаушылардың отандық және шетелдік […]
Толығырақ2023 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Адыбаева Ләззат Жетісу өңірінде педагог-ассистентерге арналған “Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту” тақырыбында курсын өткізді. Курста тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау негіздерін, педагог-ассистенттің сыныптағы оқу жұмысына […]
Толығырақ