Рубрика: Маңғыстау облысы

Салтанатты марапаттау рәсімі

Бүгін елордамыз Астана қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі өткізіліп, жеңімпаздардың есімі анықталды. Барлық өңірлердің 1, 2, 3 орын алған жүлдегерлерін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов жетістіктерімен құттықтады.

Толығырақ

Маңғыстау облыстық телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасына сұхбат

13 желтоқсанда Маңғыстау облыстық телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасына Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқытушысы А.Жұмабаева мен Ақтау қаласындағы №61 «Сұлтан» бөбекжайының директоры Т.Қалниязқызы қатысып, сұхбаттасып қайтты. Тікелей эфирде ұлттық құндылық туралы,мектепке дейінгі бала тәрбиесінде және мектепке дейінгі ұйымдардың ұлттық құндылықтарымызды қалай дәріптеуге болатыны жөнінде сөз болды.

Толығырақ

Мектеп кітапханашыларының кәсіби даму жүйесінде медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру

Өрлеу-Маңғыстау филиалында 2024жыл қаңтар айының 22-26-сы аралығында мектеп кітапханашыларына арналған «Мектеп кітапханашыларының кәсіби даму жүйесінде медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтеді. Бағдарламаның мақсаты – цифрлық құралдар мен қызметтерді пайдалана отырып, медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру арқылы мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Біліктілікті арттыру курсына қатысып, өзіңіздің біліктілігіңізді шыңдауға шақырамыз.

Толығырақ

Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің конкурсы өз мәресіне жетті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жыл сайынғы Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің конкурсы өз мәресіне жетті. Республикалық сараптама қорытындысы нәтижесінде Маңғыстау облысынан жолданған 10 бағыттан конкурстың 3 бағыты бойынша педагогтеріміз жеңімпаз атанды. -Экологиялық сауаттылық бойынша-Ақтау қаласындағы IT […]

Толығырақ

Педагогтердің кәсіби дамуын басқару

20-25 қараша аралығында Астана қаласында өтіп жатқан “Педагогтердің кәсіби дамуын басқару” тақырыбындағы тренерлерді оқыту курсына Өрлеу Маңғыстау филиалының оқытушылары мен әдіскерлері қатысуда.Тренерлерді оқыту мен сертификаттаудың негізгі мақсаттары: педагогтердің кәсіби дамуының тиімділігі мен сапасын арттыру; педагогтердің кәсіби дамуын қолдау үшін тренерлер командасын қалыптастыру. Курс 3 кезеңнен тұрады: 1кезең – теориялық-әдістемелік блок (Астана), 2-кезең – практика, 3-кезең […]

Толығырақ

4Д ойыны арқылы Softskills дағдыларын дамыту

Әріптесіміз Жұмабаева Ақбілек Қошқарбайқызының “4Д ойыны арқылы Softskills дағдыларын дамыту” тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулығы ОӘК шешімімен жарыққа шықты. Әдістемелік нұсқаулық 4Д ойыны арқылы Softskills дағдыларын дамыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтерге арналған.Әдістемелік нұсқаулықтың толық нұсқасын https://orleuedu-my.sharepoint.com/…/EX… сайтынан оқи аласыздар.

Толығырақ

Мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі қиындықты және табысты оқу мен оқытуды анықтау

2023 жылдың 16 қарашасында Өрлеу-Маңғыстау филиалы онлайн форматта «Мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі қиындықты және табысты оқу мен оқытуды анықтау» әдістемелік семинарын өткізеді.

Толығырақ

Үздік авторлық бағдарламалар

14 қараша 2023 жылы Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Үздік авторлық бағдарламалар” тақырыбындағы байқауды қорытындылау мақсатында әділ қазылар алқасының отырысы өтті. Байқауға түскен 20 жұмысқа талдау жасалып, талапқа сай бағаланды. Сайыс барысында облысымыздың аудандары мен қалаларының барлығынан жұмыстар келіп түскен. Жоғары бағаланған жұмыстарға республикалық сайысқа жолдама беріледі. Жұмысқа Өрлеу-Маңғыстау филиалынан аға әдіскері А.С.Тулегалиев қатысты.

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Құттықтаймыз!!!Бүгін Ақтау қаласындағы № 9 жалпы білім беру мектебі базасында жыл сайын білім беру қызметкерлері арасында озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді ұсыну және тарату мақсатында өткізілетін республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

Бүгін Ақтау қаласындағы № 9 жалпы білім беру мектебі базасында жыл сайын білім беру қызметкерлері арасында озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді ұсыну және тарату мақсатында өткізілетін республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар