Құрметті әріптестер! «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауына өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау мерзімі ӨЗГЕРДІ. Сіз материалдарды қазан айының 10-шы жұлдызына дейін жүктей аласыздар. Бұл үлгермей қалғандар үшін жақсы жаңалық!Конкурсқа мектепке дейінгі, бастауыш, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.Қатысушының жұмысы жалпы жоспарда кәсіби педагогикалық тәжірибенің […]
ТолығырақТарихшыларға арналған семинар Қыркүйектің 15-жұлдызында Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат базасында курстан кейінгі қолдау аясында (оқытушысы Ә.Несипбаева) тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара «Тарих сабақтарында зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында, үш форматта: дөңгелек үстел, Ted – x конференциясы және ашық сабақ түрінде өтті.Ұстаздар тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындаудың ұстанымдарымен, деректермен, карталармен жұмыс […]
Толығырақ«Өрлеу»-Павлодар қабырғасындағы пәндік курстарға тыңдаушылардың үшінші ағымы қатысуда. Олар осы аптадан бастап қыркүйектің 16-на дейін білімдерін ұштайтын болады. Тыңдаушылардың қататрында қазақ тілі, орыс пен ағылшын тілі, физика, математика, тарих, информатика пәндері мен бастауыш сынып педагогтері бар. Айта кетерлігі, біліктілікті арттыру шаралары бұл жолы Павлодар, Екібастұз бен Ақсу қалаларының білім ордаларында қатар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі таңда […]
ТолығырақЕліміздің барша оқушылары мен ұстаздарының қуанышты күнінде ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын жолдап, жұрттың көңілінен шықты деп айта аламыз.Бес бағдардың ішіндегі «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты үшіншісінде тоқталып өтсек. Өз сөзінде Президент «Еліміздің басты құндылығы – адам», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атап өтті, […]
ТолығырақТамыз айының 1-12 жұлдыздары аралығында өткен пән мұғалімдеріне арналған біліктік арттыру курстары өз мәресіне жетті. Алдарыңызда біздің тыңдаушыларымыз бен курс барысының көрінісі. Бірінші ағымда математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері мен әдебиеті, тарих мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері біліктілігін арттырды. Курс мазмұны ұстаздардың көңілдерінен шығып, оң әсерін қалдырды. Келесі курстар ағымдағы жылдың […]
Толығырақ«Өрлеу» Павлодар филиалында тамыздың бірінен бастау алған курстар жалғасуда. Өңіріміздің екі жүзден астам математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері мен әдебиеті, тарих мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері біліктілігін арттырып келеді.Сабақ барысында курс тыңдаушылары жеке кәсіби сұраныстар мен қиындықтарды қанағаттандыруды ескере отырып, пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнының күрделі мәселелері бойынша құзыреттіліктерін […]
ТолығырақСіздерді «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауына қатысуға шақырамыз. Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруда. Байқауға еліміздің барлық педагогтері қатысады! Ол мектепке дейінгі, жалпы орта, ТжКББ және жоғары оқу орындарындағы 22 номинация бойынша педагогтерді біріктіреді. Бұл байқау ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № […]
ТолығырақАғымдағы жылдың 1-тамызынан бастап Өрлеуде пән мұғалімдеріне арналған тегін біліктілікті арттыру курстары басталды. Оқудың бірінші күнінде республика бойынша 238 курстың тұсауы кесіліп, 6603 мұғалім пән бойынша білім алуды бастады. Павлодар филиалында бүгінгі таңда екі жүзден астам жергілікті ұстаздар білімін арттыруда.Жаңа бағдарламалар педагогтердің сұраныстарына сәйкес пән бойынша күрделі тақырыптарды тереңдетіп меңгертуге арналған. Математика, информатика, физика, химия, […]
ТолығырақҚазақ тілі мен қазақ әдібиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы тәмәмдалды. Іс-шара қазақ тілді мектеп ұстаздарына арналған еді. Курсқа барлығы 25 қала және аудан мүғалімдері қатысып, оқу бағдарламасы мен курс жетекшісі жайында оң пікірлерін қалдыруда.Екі апта барысында мұғалімдер заманауи білім берудің психологиялық-педагогикалық және […]
ТолығырақМаусым айының 6-сы мен 17-сі аралығында Өрлеу-Павлодар филиалында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» атты курс өтуде. Біліктілікті арттыру іс-шарасы барысында тыңдаушылар білім беру сапасын арттыру жағдайында оқыту, дамыту мен тәрбиелеу мазмұны мен әдістерімен таныс болып, бастауыш мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық негіздерін және математика, дүниетану, […]
Толығырақ