Рубрика: Алматы қаласы бойынша Өрлеу

Педагогтерді Институттың курстарымен таныстыру

2023 жылдың 7 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Нарсеитова Фатима Алматы қаласы білім басқармасының Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесіп, Республикалық кәсіби даму институтының 2023 жылға бағытталған  жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Таныстырылым аясында орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары,  жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқыту үшін біліктілікті арттыру курстарының бағыттары мен контингенті  және […]

Толығырақ

Білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс жасасу

2023 жылдың 3 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушылары Ибраева Жанар және Карабалаева Назерке Алматы қаласының жалпы білім беру мектептері мен Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығына барды. Білім беру саласы бойынша атқарылатын жұмыстарды жоспарлау және өзекті мәселелерді анықтау мақсатында іскерлік кездесу ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәнінің әдіскерлерімен кездесу кезінде пән мұғалімдерінің мәселелері мен атқарылып жатқан […]

Толығырақ

Мектепте фасилитациялық сессия өтті

2023 жылдың 1 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушылары Жартынова Жанар, Іркітбай Ғалым және Жақсым Орынбек Алматы қаласының №26 жалпы білім беретін мектебінде информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4К дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында фасилитациялық сессия өткізді. Сессияға 78 педагог қатысты. Фасилитациялық сессияның қорытындысы ретінде педагогтердің АКТ құзыретін арттыру бойынша шешімдер айқындалды. Қатысушылар іс-шараны жоғары […]

Толығырақ

Қызметкерлерді өтінім беру процесін автоматтандыруға үйрету

Автоматтандыру бағдарламалық қамтамасыз етуді оңтайландыру және енгізу арқылы процестерді жылдамдатады және жеңілдетеді, сонымен қатар, қызметкерлердің өнімділігін арттырады. Басқару тапсырмаларын автоматтандыру әртүрлі бағдарламалар арқылы, сондай-ақ HelpDesk көмегімен жүзеге асырылады. Бүгін Өрлеу РКДИ IT-мамандары Институттың барлық қызметкерлеріне тренинг өткізіп, осы платформаны пайдалану қағидаларын түсіндірді. Help Desk-ті енгізу бөлімшелердің жұмысын бірыңғай жүйе негізінде ұйымдастырады.

Толығырақ

Магистранттардың ғылыми-зерттеу тәжірибесі

2023 жылдың 16 қаңтарынан – 28 ақпан аралығында Абылай Хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің “Шетел тілі мұғалімдерін даярлау” мамандығы бойынша 2 курс магистранттары Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтында өздерінің ғылыми-зерттеу тағылымдамасын өтуде. Кафедра тренерлері магистранттарды Институттың жұмыс бағыттарымен толық таныстырып, тәжірибеден өту кезеңіне арналған жұмыс жоспарын құрды.

Толығырақ

Soft Skills басқару дағдылары

2023 жылдың 18 қаңтарында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Рысқұлбекова Құралайдың ұйымдастыруымен «Табысты білім беру ортасын құрудағы Soft Skills басқару дағдылары» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарда тыңдаушылармен икемді дағдыларды жетілдіруде басшының кәсіби құзыреттілігін дамыту сұрақтары жан жақты қарастырылды. Мектептің тәрбие үдерісінің даму сапасы, өзгерістерді басқару, көшбасшылық қасиеттерді […]

Толығырақ

Ұлттық құндылыққа бағдарланған функционалдық сауаттылық

2023 жылдың 16 қаңтарында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Сабиханова Асель орта білім беру ұйымдары басшыларына арналған «Ұлттық құндылыққа бағдарланған функционалдық сауаттылық дағдылары бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты – заманауи басшы ретінде бәсекеге қабілетті көшбасшы тұлғаны қалыптастыруда мұғалімдердің сабақ жоспарлауында ұлттық құндылықтардың белгілі элементтерін ескеру, тиімді жоспарлау мәселелерін талқылау, зерделеу және анықтау. […]

Толығырақ

Action research – іс-әрекетте зерттеуді жүргізу

2023 жылдың 9 және 20 қаңтары аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты (РКДИ) оқытушыларының құзіреттілігін дамыту мақсатында «Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтарының күнделікті педагогикалық қызметінде Action Research, Lesson Study, Learning Study әдістерін қолданудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Курс барысында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдарын, педагогикалық кезең әдістемесін жетілдіру бойынша жолдары […]

Толығырақ

Біздің тыңдаушыларымыздың жетістіктері

2022 жылдың  19 желтоқсанында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында “Bilim Orkeniet” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының “Қазақстанның жыл мұғалімі – 2022” республикалық байқауына Өрлеу ББЖҚБАРИ тыңдаушысы Сыздыкова Асем Аукешқызы қатысып, l-ші дәрежелі дипломмен марапатталып, Ы.Алтынсариннің төсбелгісіне ие болды. Сыздыкова Асем Аукешқызы – «Қазақстан жыл мұғалімі – 2022 жыл»  республикалық байқауының I дәрежелі диплом иегері және республикалық «Педагогикалық […]

Толығырақ

“Педагогикалық идеялар панорамасы” байқауының қорытындысы

2022 жылдың 22 желтоқсанында Өрлеу “Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының тікелей эфирінде жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың, Өрлеу Басқармасының, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен еліміздің педагогтерінің қатысуымен өтті. Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы, п.ғ.м., Көмекова С.О. сандың және сапалық сараптама мен SWOT – талдау […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар