Бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығында жаңа оқу жылы мен жаңа педагогикалық идеялардың бастауын көрсететін педагогтер үшін дәстүрлі іс – шара –Тамыз қалалық конференциясы өтті. Өрлеу БАҰО ШҚО бойынша филиалының директоры Гаухар Жұманова үздіксіз білім беру аясында педагогтердің кәсіби дамуының жаңа тәсілдері туралы пленарлық бөлімде Өскемен қаласының ұстаздары қауымдастығы алдында бөлісті. “Қазіргі заманғы әлем бір орында […]
ТолығырақМұғалімдер үйінде “Көркем еңбек “пәні бойынша білім беру процесін жобалау және іске асыру” жеделдетілген курсының тыңдаушыларына “Глубокое – в простом” кескіндеме бойынша ерекше шеберлік сыныбы өткізілді. № 1 Самар орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Лариса Гебель Қытай философиясы мен мәдениеті арқылы тақырыпты шебер ашты. Сабақ басында оқушы-мұғалімдер дәстүрлі шай рәсімі арқылы Қытай құрылымының философиясына […]
ТолығырақҰстаздар үйінде «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу үдерісін жобалау және жүзеге асыру» біліктілігін арттыру курсы аяқталды. Курстың қорытынды бөлімінде Шығыс Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған жұмыстардың қатарында Көкпекті орта мектебінің ұстазы Оралбек Бекқалиұлының ұлттық дәстүр бойынша күмістен жасалған әшекей бұйымдары көпшіліктің көңілінен шықты. Көрмені «Мектепке дейінгі және […]
Толығырақ2022 жылдың 16 тамызында Шығыс Қазақстан облысы бойынша тамыз конференциясы аясында «Өрлеу» алаңында “Кәсіби мансаптың басында педагогтердіқолдау”тақырыбы бойынша №3 панельдік секция өткізілді. Секция жұмысына облыстың 100-ден астам педагогтері (орта білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің басшылары мен меңгерушілері, педагогикалық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері, Өрлеу […]
Толығырақ2022 жылдың 29 маусымында Өрлеу ұлттық орталығының ШҚО бойынша қызметкерлерінің аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер қаралды. Филиал директоры Г. Жуманова 222 “Мемлекеттік орта білім беру кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау” бюджеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы, Ұлттық біліктілік тест бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектеп […]
Толығырақ2022 жылдың 27 мамырында “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіптік даму институты ШҚО білім басқармасымен бірлесіп, «Ауыл мектептері оқушыларының экологиялық тәрбие дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында халықаралық вебинар өткізді. Вебинарға Франция, Индонезия, Венгрия, Ресей елдерінің қатысуымен 120 астам адам жұмылдырылды: жоғары оқу орындарының, “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалдарының, басшылары, ғалымдары, ПОҚ және мамандары, облыстық білім […]
ТолығырақӨрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіптік даму институтының ШҚО білім басқармасымен бірлескен қызмет жоспарына сәйкес 2022 жылдың 12 сәуірінде “Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету-дамыту жұмысындағы кешенді тәсілдер” тақырыбында облыстық вебинар өткізілді, оған облыстың 300-ден астам педагогтері қатысты. Вебинар барысында балалармен “Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы” КММ […]
ТолығырақҚұрметті әріптестер! Қазақстан республикасы білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен “Өрлеу” біліктілікті арттыру акционерлік қоғамы “Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық байқауының басталғандығын жариялайды. Еліміздің әр аймағынан қатысушы педагогтер санаты мен өтіліне қарамастан мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және қосымша білім берудің өзекті тақырыптары бойынша инновациялық идеяларын ұсына алады, сондай-ақ өздерінің АКТ-құзыреттерін меңгеру деңгейін көрсете алады. […]
Толығырақ2022 жылғы 29 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Мұғалімдер үйінде» «ШЖМ дебаттық қозғалысын дамыту» тақырыбы бойынша облыстық on-line семинар өтті, оған 120 педагог қатысты. Өзара ынтымақтастық мақсатында директор, п.ғ. к. Г.С. Жуманова мен “SAMGA” даму орталығының директоры А. К. Конилхан меморандумға қол қойды. Тараптар алдағы уақытта бірлескен оқыту семинарларын, турнирлер, конференциялар және басқа да іс-шаралар […]
ТолығырақПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін елдің дамуын қалпына келтіруге қатысты болды. Тарихи құжатта Қазақстан үшін жаһандық және ішкі қатерлер мен қыр көрсетулердің ықпалын терең саяси және әлеуметтік-экономикалық талдау жасалған, оларға баға берілген, проблемаларды еңсерудің жолдары мен нақты шаралары белгіленген. Бізге, “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының қызметкерлері, […]
Толығырақ