Рубрика: Іс-шара

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы сәтті аяқталды

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтер мен білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының алғашқы легі сәтті аяқталды. Бес күндік курс барысында педагогтер қаржыны тиімді басқарудың негізгі қағидаларын, отбасылық бюджетті жоспарлау тәсілдерін, инфляция мен инвестицияның қыр-сырын, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік негіздерін меңгерді. Бұл бастама – тек мұғалімдердің кәсіби дамуына ғана емес, болашақ […]

Толығырақ

ӨРЛЕУ-TRAINER: Scrum Education әдістемесіне арналған шеберлік сыныбы

2-5 қыркүйек – филиал тренерлерінің кәсіби даму апталығы. Бүгінгі күн Scrum Education әдістемесіне арналған шеберлік сыныбымен басталды. Шеберлік сыныбын біліктілік арттыру саласындағы тәжірибелі тренер – Жанар Жубауова жүргізді. Әдістемелік шарада инновациялық оқыту тәсілдері мен командалық дағдыларды дамытуға қызығушылық танытқан оқытушылар Scrum негіздерімен және жүргізу қадамдарымен танысты. Басты назар Scrum тақтасын оқу процесіне бейімдеуге аударылды, бұл […]

Толығырақ

ӨРЛЕУ-TRAINER: Практик маманның тәжірибелік зерттеуі

 Бүгін, 3 қыркүйекте филиалда тренерлерге арналған «Практик маманның тәжірибелік зерттеуі» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Әдістемелік шараны филиалдың директоры Қызжібек Абдраманова жүргізді. Шеберлік сыныбы барысында тренерлер сабақты жоспарлауда команда құру, проблемаларды анықтау және оларға сәйкесінше мақсаттар таңдау, оқу және оқыту үдерісінде бақылау жүргізу бағытында жаңа білім мен шабыт алып, тәжірибелерін байытты. Сонымен бірге қосымша ресурстық материалдар […]

Толығырақ

Сыр өңірінде ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті

Бүгін Өнер орталығында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті. Тамыз конференциясында өңірдің білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен маңызды бастамалар жан-жақты талқыланды. Жиын соңында білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін білім саласының қызметкерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин», […]

Толығырақ

«Өрлеу» – «Jas Leader»: Көшбасшылық ұстаздан басталады

Астанада 28-31 шілде аралығында жасөспірімдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы аясында оқыту тренингі ұйымдастырылды. Тренингке «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалынан директордың орынбасары Сәкен Серікбаев, кафедра меңгерушілері Жанар Исаева мен Жанар Жубауова қатысты. Тренинг барысында команда құруға арналған тәжірибелік жаттығулар, белсенді оқыту әдістері, тиімді коммуникация мен топтық динамика техникалары, жасөспірімдердің мотивациясы мен жауапкершілігін […]

Толығырақ

«Өрлеудің» 70 тренері халықаралық сертификат алды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 70 тренері кәсіби біліктілігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Сертификаттарды Нидерландтан келген сарапшы – RCEC халықаралық сараптама және сертификаттау орталығының директоры, PhD Арнольд Брауэр салтанатты түрде табыстады. Бұл сертификаттар «Тренерлерге арналған құзыреттілікке негізделген бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» тақырыбындағы екі кезеңдік біліктілікті арттыру курсынан сәтті өткен мамандарға берілді. Оқу бағдарламасына 100-ге жуық […]

Толығырақ

Күн дерегі: 1880 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы 2025 жылдың І жартыжылдығында 80 сағаттық білім беру бағдарламасы бойынша 75 курс өткізіп, 1880 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Соның ішінде, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 425 педагог, жаратылыстану-математика бағыты бойынша 480 педагог, бастауыш сынып мұғалімдері 225 педагог, инклюзивті білім беру бойынша 200 педагог және […]

Толығырақ

Ұстазға құрмет – ұлтқа құрмет

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда филиалында 2025 жылдың І жартыжылдығы қорытындыланып, ұжым қызметкерлері марапатталды. Облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын табысты ұйымдастырғаны үшін Оқу жұмысы бөлімінің басшысы Баймурзаева Ғалия Қонақбайқызы Қызылорда облыстық білім кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұлағатты ұстаз Ұлтай Зікірқызына Қызылорда облыстық білім кәсіподағының төрағасы Гүлнар Есқалиеваның құттықтауы мен сый-сияпаты табысталды. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге күш […]

Толығырақ

Мақсатты мектеп педагогтеріне арналған ілгерінді деңгейлі курстар сәтті аяқталды

Бүгін мақсатты мектеп педагогтеріне арналған ілгерінді деңгей бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды. Бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география және тарих пәндері бойынша 556 педагог кәсіби дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Барша тыңдаушыларымызға сәттілік, үздіксіз даму мен жаңа серпін тілейміз!

Толығырақ

Мақсатты мектеп педагогтеріне арналған ілгерінді деңгейлі біліктілікті арттыру курстары басталды

2 маусымнан бастап «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мақсатты мектеп педагогтеріне арналған ілгерінді деңгейлі біліктілікті арттыру курстары басталды. Бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих пәндері бойынша әзірленген бағдарламалар білім алушылар үшін ыңғайлы орта қалыптастыруға, бағалау жүйесін енгізуге, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған. Ілгерінді […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар