Рубрика: Іс-шара

«Шерхан шығармаларын оқыту және талдау»

Ү.ж. 31 қаңтар күні «Шерхан шығармаларын оқыту және талдау» тақырыбында  облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар  өтті. Шерхан шығармаларындағы жаңашылдық пен сабақтастықтың зерттелуі, тәрбиелік мәні, ұлттық құндылықтары мен автордың тілдік қолданысын талдау және оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында  ұйымдастырылды. Панельдік дискуссия форматында өткен шараға Тараз қаласы, №57 орта мектебінің әкімшілігі мен ұстаздары белсенді қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты. […]

Толығырақ

Арнайы түзету мектеп-интернатында семинар-практикум өтті

Ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балаларды сапалы біліммен қамту – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары елімізде арнаулы білім жүйесінде ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда. 19 қаңтарда «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен №7 арнайы түзету мектеп-интернаты арасындағы ынтымақтастық шеңбері аясында «Ерекше білім беру қажеттілігі балаларға […]

Толығырақ

Тәжірибе алмасу семинары: Сабақ сапасын қалай арттыруға болады?, Не үшін қажет?

Қазір еліміздің білім беру кеңістігінде келешек ұрпаққа қандай білім беру қажеттігі туралы мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуда. «ХХІ ғасырда табысты болу үшін білім алушылар нені үйренуі керек?» немесе «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген бүгінгі күннің басты сауалдарына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген мұғалімдердің берік […]

Толығырақ

Тәжірибе алаңының 20 жылдығы қорытындыланды

Биыл шығармашыл мұғалімдердің Тәжірибе алаңына – 20 жыл. Республикада аналогі жоқ, ең құнды, маңызды жоба Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің демеушілігімен жыл сайын Жаңақорған шипажайында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл форма 2002 жылы бастау алды, қазіргі таңда дәстүрге айналған шығармашыл мұғалімдердің өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісулеріне бағытталған бас қосуы. Оған жыл сайын […]

Толығырақ

3-күн: Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жолдары

Тәжірибе алаңының үшінші күні мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Кәсіби құзыреттілікті дамыту: мүмкіндіктер, тәжірибе мен стратегиялар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциямен басталды. Ғылыми-практикалық конференция білім беру ұйымдарында білім беру жүйесін жаңғырту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибелерімен алмасу, инновациялық идеяларды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, технологияларды, тәсілдерді қолдану және талдау мақсатында өткізілді. Мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту […]

Толығырақ

2-күн: Идея мен тәжірибе алмасудың кәсіби алаңы

Тәжірибе алаңының екінші күні атқарылған кезекті жұмыстарға тоқталайық. Педагогикалық идеялар аукционы Тәжірибе алаңына қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, ұтымды идеяларды қолдау, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал етуді көздейтін «Педагогикалық идеялар аукционы» өткізілді. Аукционға келіп түскен шығармашыл мұғалімдердің идеялары мен жобалары сарапталып, үздік жұмыстар анықталды. «Үздік коучинг – 2023» кәсіби байқауы Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі […]

Толығырақ

1-күн: Тәжірибе алмасудың ашық алаңы

Тәжірибе алаңының бағдарламасында үш күн бойы түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары, кәсіби байқау, ғылыми-тәжірибелік конференция, танымдық ойындар, тренингтер, сауық кештері және т.б. іс-шаралар жоспарланған. Шығармашыл мұғалімдердің басын қосқан алаңның 1-ші күні шеберлік сыныптармен басталды. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренерлері Жанар Жубауова «STEM тәсілі 5Е циклы негізінде», Ұлтай Ешимова «Нәтижеге бағытталған топтық жұмысты басқару», […]

Толығырақ

Шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңына» 20 жыл

Тәжірибе алаңы – Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің демеушілігімен өткізіліп келе жатқан шара. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының бастамасымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздік тәжірибесін анықтау мақсатында өткізілетін Тәжірибе алаңына биыл – 20 жыл. Тәжірибе алаңы – Сыр өңірінің ұстаздарына ұйымдастырылған, республикамызда аналогі жоқ, озық әдістемелік қолдау алаңы болып […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

22 желтоқсанда «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» байқауының республикалық кезеңі аяқталып, тікелей эфирде жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың республикалық кезеңінен жүлделі орын алған шығармашыл ұстаздардың басын қосқан марапаттау рәсімін «Өрлеу» Басқармасының төрағасы Әсел Мухаметжанова салтанатты түрде ашып, 22 аталым бойынша үздік атанған жеңімпаздарды құттықтады. Республикалық байқаудың нәтижесі бойынша Қызылорда облысының педагогтері көш бастады, 7 […]

Толығырақ

Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері – біліктілік арттыру саласындағы басым бағыттардың бірі. Ал мұғалімдердің кәсіби дамуы – оқушылардың білім жетістігіне оң әсер етуші фактор. Оның кәсіби құзыреттілігі – жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Бүгін «Өрлеу» Қызылорда […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар