«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ, «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының жоспарына сәйкес, курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ базасында Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты жалпы орта мектептер, лицей, гимназияларының курстан өткен ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен (29 мұғалім) қалалық семинар өткізілді. Аталған қалалық семинар 2022 жылдың 21 қазанында «CLIL әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту барысында CLIL әдістемесін қолдану тәсілдерін талқылау; CLIL әдістемесін қолдану арқылы оқушыларды пәннің мазмұнына тарту; пәндік сабақтарды өтуде кіріктірілген әдістерді қолдану ерекшеліктерімен бөлісу. Семинарды «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Шойманова Молдир Балгабаевна ұйымдастырды.Мұғалімнің курстан кейінгі қызметін үздіксіз бақылау және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында Шымкент қаласының пән бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістері талқыланып, ағылшын тілін жаратылыстану пәндерімен кіріктіру жолдары ұсынылды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқыту барысында орын алып жатқан қиындықтарды талқылай келе, көкейдегі жүрген сұрақтарға шешім тапты.




