12.11.2022 жылы Шымкент қаласындағы American Corner-де TESh-пен бірлесе отырып, ағылшын тілін оқытудағы жаңашыл әдіс-тәсілдерге арналған семинарлар сериясы өз жұмысын бастады. Алғашқы семинарда Emma Ruppert, Fullbright ETA, “Culture in writing” тақырыбында семинар өткізді. Семинарға, «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ қолдауымен, өңірдегі ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері негізгі тілдік дағдылардың бірі болып табылатын жазылым дағдысын дамыту ерекшеліктеріне тоқтала келе, білім алушылардың бойында аталған дағдыны дамыту мәдениеті бойынша өз ойларын ортаға салды. Жазылым мәдениетін қалыптастыру үшін қажетті негізгі терминдерді талдай келе, ағылшын тілінде жарияланым жасауда қолданысқа ие аталымдардың нұсқаларымен танысты. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдерін апта сайын сенбі күні сағат 11.00-де өтетін (Қазыбек би көшесі, 13А, American Corner) TESh семинарларына қатысуға шақырамыз. Семинарларды тіл иегерлері мен білікті мамандар жүргізеді. Семинарлар ағылшын тілін оқытудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналады.



