«Digital-білім: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті

               Оралдағы «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен  23 қараша  күні қалалық №33 ЖОББМ базасында «Digital-білім: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысының екінші бөлімі секциялық жұмысқа жалғасты.

  «ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ» тақырыбындағы секция жұмысына Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы жетекшілік етті.

    Секция жұмысының мақсаты: заманауи платформаларды тәрбие бағытында тиімді қолдану жолдарын ұсыну. Осы бағытта шеберлік сынып  көрсеткен Орал қаласы «Оқушылар сарайы» МКҚК мамандары  Каукеева Жадыра Тыныштыковна мен Сариева Бану Жауынбаевна  ата-анамен жүргізілетін жұмыстарда платформалардың артықшылықтарын көрсете алды, әсіресе ата-аналарға жүргізілетін сауалнама түрлері, ата-аналарға психологиялық көмек көрсету немесе оқушылардың зияткерлік қабілеттерін арттырып, белсенділікке, көшбасшылыққа баулудағы платформалар, т.б. жұмыс бағыттарымен қатысушыларды қызықтыра алды.  

   Орал қаласы №37 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Куанышкалиева Аягоз Хабиболлиевна   заманауи білім беруде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсетті, соның ішінде сынып жетекшінің жұмысында қандай платформаларды ыңғайлы қолдануға болатындығын  тәжірибелік тапсырмалар негізінде орындатып, қатысушылардың белсенді қатысуын ұйымдастыра алды.

   Studio.d-id.com narakeet.co, Chat.GPT, Sketch metademolab сайттарымен  жұмыс жасау және жасанды интеллект   құралдарын дұрыс мақсатта қолдана отырып, тәрбие саласымен ұштастырудың мүмкіндіктерін таныстырды. Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің майталман мамандары Жулкашева Сәуле Талапкалиевна мен Кубашева Айзада Аскаровна «BANI – әлем баласына» ұлттық құндылықтарды дарытудағы цифрлық технологияның мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» өзектілігі, бағдарлама аясындағы басым бағыттар арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдарын мектептің тәрбие бағытында жолға қойылған жүйелі жұмыстар нәтижесімен дәріптей алды. Қатысушыларға бүгінгі күні алдымызда отырған Z буыны үшін түрлі қызықты, пайдалы ақпараттар бере отырып, тәжірибеде қолдануға болатын  сайттар мен олардың мүмкіндіктері мен маңыздылығын көрсете алды.

Шеберлік сынып соңында «3 идея, 1 әрекет» тәсілі бойынша қатысушылар өздеріне ұнаған идеяларды атап, қандай идеяны іс жүзінде әрекетке айналдыратындары туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар