Өрлеу-Маңғыстау филиалында жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистент мамандарына кезекті курсаралық шара өткізілді.Шара барысында инклюзивті білім беруде «ЕБҚ бар балалардың эмоцияларының ерекшеліктері», «Білім алушының (ЕБҚ оқушының) әлеуметтік-коммуникативтік дамуы» және «Театрландырылған іс-әрекет білім алушының эмоциясын дамыту бойынша түзету жұмысының құрылымы» тақырыбында шағын жобалар жасалды. Курс тренері Р.Нұрова көтерілген мәселелерге байланысты ресурстармен, арнайы материалдармен таныстырды. Тыңдаушыларды топқа бөліп, сұрақ-жауап әдісі арқылы түрлі ситуациялық тапсырмалар берді. Осы тапсырмаларды орындау барысында әр топ өздеріне берілген тақырыпты теориялық, практикалық жүзінде ізденіп, қорғап шықты. Топтық жұмыс барысында топ мүшелерінің ерекше дайындалғаны театрлық, жағдаяттық тапсырмаларын орындау барысында айқын көрініс тапты. Театрландырылған іс-әрекет ерекше білім қажеттілігі бар оқушының эмоционалдық тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізеді. Оқушы эмоциясын әрқашан көрсете алмауы мүмкін. Ал эмоцияны шығару, бөлісу және оның ілгерілеуіне, дамуына үлкен әсер етеді. Тыңдаушы топтар оқушының эмоциясымен бөлісуді қалыптастыру мақсатында театрландырылған көрініс, балалардың барлығы сүйіп көретін «Бауырсақ» ертегісін сомдады. Ертегі арқылы оқушының түрлі эмоциясын (қуану, күлу, жылау секілді т.с.с) шығаруына көмегін тигізетінін көрсете білді. Ертегі барысында кейіпкерлерді өз тілінде сөйлетіп, дауыс ырғақтарымен таң қалдырды. Шара теория мен практикаға толы әсерлі болды.

- 04 Апр
- 2024