Республикалық «Хабар», «Jibek Joly», «Астана» телеарналары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткен «EduContinuum 2025. Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының стратегиялары мен технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан хабар таратты.
Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова жасанды интеллектіні қолдану бойынша педагогтерге арналған онлайн курстың нәтижесімен бөлісті.
Ұлыбританиялық Norwich Institute орталығының директоры Том Киддл нейрожелінің білім беру процесіне ықпалы жөнінде өз пікірімен бөлісті.