Еуропалық оқыту қоры (ETF) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның білім беру және оқыту саласының өкілдері мен Еуропаның білім беру ұйымдарына арналған «ETF цифрлық білім беру реформасының шеңбері: баршаға арналған цифрлық құзыреттілікті дамытуға жүйелі көзқарасты қолдау құралы» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинарға «Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесінің мазмұны» кафедрасының меңгерушісі Жартынова Жанар қатысты.
Іс-шара барысында цифрлық білім беруді реформалау, инклюзивті, тиімді және адамға бағытталған саясатты әзірлеу және цифрлық білім беру саласындағы бастамалар мәселелері талқыланды.

