Арнайы және инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған «Soft skills – трендте» облыстық байқауы

  • 29.04.2026 - 09:00
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» филиалы
Құрметті педагогтер!
Сіздерді арнайы және инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған «Soft skills – трендте» облыстық қашықтықтан өткізілетін байқауына қатысуға шақырамыз.
Аталған байқау бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда тиімді тәжірибелерді енгізіп жүрген педагогтерді қолдауға, сондай-ақ инклюзивті білім беру идеяларын дамытуға бағытталған.
Байқау “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы” КММ бекіткен іс-шаралардың ресми пулына (тізбесіне) кіреді.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Қатысу форматы: жеке
Қатысушылар нақты педагогикалық тәсілдер мен жұмыс әдістерін көрсететін бейнежұмыс ұсынуы қажет.
Бұл — тамаша мүмкіндік:
— өз тәжірибеңізбен бөлісуге
— өзіңізді танытуға
— инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосуға
Байқау ережесімен «СҚО-Өрлеу» сайтындағы сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://drive.google.com/drive/folders/1Wh5HRT1rbI8FZml4RZjCrw-Cx9pOPAZ-?usp=drive_link
Сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз!

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:29.04.2026
  • Басталу уақыты:09:00
  • Аяқталу күні:29.04.2026
  • Аяқталу уақыты:18:00
  • Орналасқан жері:Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» филиалы

FIND THIS EVENT ON :

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар