Білім берудегі жасанды интеллект: болашақ мектебін қалыптастыру және оқытудың жаңа модельдері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

  • 10.02.2026

2026 жылғы 30 қаңтарда
«Білім берудегі жасанды интеллект: болашақ мектебін қалыптастыру және оқытудың жаңа модельдері»
тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі мақсаты – ғылым және білім беру саласы өкілдері арасында конструктивті диалог алаңын құру, оқу-тәрбие процесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың үздік тәжірибелері мен инновациялық тәсілдерін жинақтау және тарату, педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ету.

Конференция аралас форматта (офлайн және онлайн) өтеді.

Өтетін орны:
Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Жібек жолы көшесі, 67,
«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалы, акт залы.

Басталу уақыты: 10:00
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, магистранттар, докторанттар, студенттер және сала мамандары қатыса алады.

Конференция материалдары электрондық форматта жарияланады.
Мақалаларды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 қаңтар.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:10.02.2026
  • Аяқталу күні:10.02.2026

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар