
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2022 жылдың 30-қыркүйегінде сағат 10.00-де
Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай
«КӨПТІЛДІЛІК ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ:
ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.
Конференцияны ұйымдастырушы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты».
Тәжірибеге бағытталған конференция шеңберінде қарастырылатын мәселелер:
– мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тілдерді оқытудың инновациялық тәсілдері;
– орта білім беру ұйымдарында кіріктірілген оқытудың негізгі бағыттары;
– мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі көптілді бағдарламалардың ерекшеліктері.
Мақсаты: CLIL әдістемесі және көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың озық тәжірибелерін тарату.
Конференцияны өткізу: пленарлық мәжіліс онлайн форматта, секциялық отырыстар офлайн форматта өтеді
Конференцияның пленарлық және 5 секция бойынша жұмысы жоспарлануда:
- Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері
- «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың белсенділігін бағалаудың заманауи құралдары(plickers, kahoot).
- 3. Use of innovative resources at the EL lessons
- “Ұйғыр тілінде оқытатын мектептерде білім сапасын арттыру мәселелері”.
- Шет тілдерін оқытудағы жаңа тәсілдер (неміс, француз тілдері).
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша электрондық материалдар жинағын шығару жоспарлануда.
Конференцияға қатысу тәртібі:
Конференция жұмысына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) көрсетілген үлгі бойынша конференцияға қатысу үшін өтініш (Қосымша1).
2) талаптарға сәйкес рәсімделген жұмыс мәтіні (Қосымша2).
Негізгі бағыттар бойынша материалдарды және өтінішті 2022 жыл 28 қыркүйекке дейін келесі электрондық почтаға asilbekf@mail.ru «МНПК-2022» белгісімен жіберу қажет. Байланыс телефоны: 8 (727) 3824287, 87776692514 – Асылбек Перуза Узенбекқызы, ұйымдастырушы.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:30.09.2022
- Басталу уақыты:10:00
- Аяқталу күні:30.09.2022