Мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

  • 17.06.2024 - 09:00
  • Павлодар қ. Ген.Дуйсенов көш 22/1
Құрметті педагогтер!
«Өрлеу» БАҰО Павлодар облысы бойынша филиалы ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша
📚 «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы арт- педагогикалық технологиялар»;
📚 «Арт-педагогические технологии в развитии коммуникативной компетентности детей дошкольного возраста»;
📚 «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» атты білім беру бағдарламалары бойынша 72- сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын өткізетіні туралы хабарлайды.
📌Курстың мақсаты:
✅Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы арт-педагогикалық технологиялар арқылы мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
✅ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктер деңгейін арттыру.
📌 Курсты өткізу күні: 17.06.2024 ж. бастап 27.06.2024 ж. дейін
📚Оқыту тілдері: қазақ, орыс
📄Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:17.06.2024
  • Басталу уақыты:09:00
  • Аяқталу күні:27.06.2024
  • Аяқталу уақыты:17:00
  • Орналасқан жері:Павлодар қ. Ген.Дуйсенов көш 22/1

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар