«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» конкурсы: үздіктер анықталды

  • 21.12.2024 - 10:00
  • Астана қ., Төле би көшесі 57а, №101 орта мектеп

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы өз мәресіне жетті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бастап қатарынан бесінші рет ұйымдастырылып жатқан конкурсқа 5000-ға жуық педагог қатысты.

Педагогтер байқау жұмыстарын функционалдық сауаттылықтың 12 бағыты  (ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу, математикалық, жаратылыстану, цифрлық, медиа-ақпараттық, қаржылық, экологиялық, денсаулық сақтау (медициналық), әлеуметтік-эмоционалдық, мәдениетаралық және азаматтық-құқықтық сауаттылық) бойынша бейнематериал түрінде өзінің авторлық әзірлемесін ұсынды.

«Республикалық кезеңге бірінші орын алған 256 педагог жолдама алды. Олардың бейнероликтері YouTube-тегі ӨРЛЕУ білім беру арнасына жүктелді. Конкурстық жұмыстарды республикалық сараптамалық кеңес бағалады, оның құрамына Өрлеу өкілдері мен сыртқы сарапшылар кірді. Сонымен қатар, әр бағытта ең көп қаралған бейнеролик таңдалды. Сол бейнероликтердің авторлары ынталандыру сертификаттарымен марапатталатын болады», – дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.

Республикалық кезеңнің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 21 желтоқсанда өтеді.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:21.12.2024
  • Басталу уақыты:10:00
  • Аяқталу күні:21.12.2024
  • Аяқталу уақыты:16:00
  • Орналасқан жері:Астана қ., Төле би көшесі 57а, №101 орта мектеп

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар