Құрметті педагогтер! «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауы жарияланғанын хабарлаймыз!
Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.
Байқауға 7 бағыт бойынша жұмыстар қабылданады:
- Оқу сауаттылығы
- Математикалық сауаттылық
- Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
- Цифрлық сауаттылық
- Экологиялық сауаттылық
- Мәдениетаралық сауаттылық
- Қаржылық сауаттылық.
Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқаудың шарттарына биыл ішінара өзгерістер енгізілді. Енді өңірлік кезеңнен өту үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен жұмыс мазмұны мен өзектілігі жазбаша түрде негізделеді.
Байқаудың талаптары:
* Әрбір қатысушы тек бір бағыт бойынша бір жұмыс ұсына алады;
* Жұмыс авторлық әдістемелік идеяны қамтуы тиіс;
* Материал басқа конкурстарға қатыспаған, еш жерде жарияланбаған, үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сай болуы тиіс.
Үздік материалдар республикалық «Үздік педагогикалық практикалар» базасына енгізіледі. Жұмыстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады.
Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» БАҰО-ның Қызылорда облысы бойынша филиалына хабарласуыңызға болады.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:01.06.2025
- Басталу уақыты:09:00
- Аяқталу күні:01.09.2025
- Аяқталу уақыты:18:30
- Number of Participants:100
- Орналасқан жері:Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 2
- Сайт:https://orleu-edu.kz/