Құрметті ұстаздар!
Жыл сайынғы бейне-сабақтар мен бейне дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды.
«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімін 15 қарашада өтетіндігін хабарлайды.
Өтетін уақыты: 15 қараша, 2024 жыл сағат 15:00-де
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 56/1, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінде
12 бағыт бойынша жеңімпаздар анықталды.
271 конкурстық жұмыстан 53 жұмыс үздік деп бағаланды. ( 1 орын – 10, 2 орын – 18, 3 орын -25)
Өңірлік кезеңнің барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификатпен, жүлдегерлер 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жүлдегерлерді марапаттау салтанатында күтеміз!
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:15.11.2024
- Басталу уақыты:15:00
- Аяқталу күні:15.11.2024
- Аяқталу уақыты:18:00
- Number of Participants:8 747 028 67 29