Құрметті педагогтер!
Сіздерді 24 желтоқсан күні өтетін «STEM-оқытудың білім алушылардың ғылыми-техникалық бейін мамандықтарын саналы таңдауы мен функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн вебинарға қатысуға шақырамыз.
Вебинардың мақсаты: Адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру қарқынының өсуіне және заманауи цифрлық технологиялардың дамуына байланысты зерттеу қызметтері мен практикалық форматтарда STEM-білім берудің маңыздылығы мен өзектілігін көрсету.
Вебинар жұмысына қатысушылар: вебинар сілтемесі бар жоғары оқу орындарының педагогтері, магистрлер, ТжКББ ұйымдарының оқытушылары, мектепке дейінгі, жалпы және арнайы орта білім беру ұйымдарының педагогтері.
Басталуы: 2021 жыл, 24 желтоқсан күні сағат 11:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен).
Вебинар жұмысы Zoom платформасында өткізіледі (сілтеме алдын ала жіберіледі).
Вебинарға қатысу нысандары: онлайн (баяндама), сырттай (мақала жариялау).
Вебинардың жұмыс тілдері – қазақша, орысша.
Вебинарға қатысты сұрақтар бойынша +7 777 240 66 79 нөміріне хабарласуға болады. Электрондық пошта: sania7979@inbox.ru.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:24.12.2021
- Басталу уақыты:10:00
- Аяқталу күні:24.12.2021
- Аяқталу уақыты:12:00
- Орналасқан жері:Қызылорда