
ҚР педагогтерінің тамыз конференциясы аясында 2021 жылғы 5 тамызда «Өрлеу «БАҰО» АҚ «Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбындағы секциялық отырысы өтеді.
Сессияға ҚР БҒМ өкілдері, ЖОО ректорлары, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының өңірлік білім басқармаларының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, «НЗМ» ДББҰ ПШО өкілдері, шақырылған қонақтар қатысады.
Джулиан Стэнли, Еуропалық білім беру қорының сарапшысы өз сөзінде педагогтың кәсіби дамуындағы ең үздік тәсілдер туралы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырады. Элейн Шарплин, Гүлмира Қанай және Алима Ибрашева, Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері бойынша UNESCO есебіндегі Қазақстан туралы тарауының авторлары еліміздің педагогтары мен сарапшыларымен бірлесіп педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы бойынша сын-қатерлері мен ұсыныстарды талқылайды. Қазақстан үшін UNESCO есебі маңызды оқиға, себебі мұнда алғаш рет біліктілікті арттыру жүйесін халықаралық деңгейде талдау жүзеге асырылады.
Исабекова Гульнур, PhD докторы ЖОО педагогінің кәсіби даму мүмкіндіктері мен траекториясы туралы айтады.
Әріптестердің сөздерінде мектепке дейінгі білімнен бастап жоғары білімге дейінгі білім берудің барлық деңгейлерін қамтитын кәсіби даму жолдарының ерекшеліктері сипатталатын болады.
Дарбаева Мадина, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңғыртуға қойылатын талаптарын ескере отырып, педагогтердің кәсіби дамуының бағыттарын, нысандары мен әдістерін ұсынады, Гүлнар Қарамендинова, педагогтердің кәсіби өсуі үшін жағдай жасаудағы мектептің тәжірибесімен бөліседі, Индира Серікбай педагогикалық колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға арналған іс-шаралар кешені туралы әңгімелейді, Лидия Фоминых, жас мұғалімнің де, педагогтің де кәсіби өсу жолын ашады.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:05.08.2021
- Басталу уақыты:14:00
- Аяқталу күні:05.08.2021
- Аяқталу уақыты:17:00
- Орналасқан жері:Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Киевский көш. 69
- Сайт:https://us02web.zoom.us/j/81351783965?pwd=anlVYTFzcDFQUDRVYmdLTW9vQTRSUT09