2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат 16.00-де «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша кәсіптік даму институты қала мектептерінің педагогтері үшін «Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында вебинар өткізеді.
Вебинарға Астана қаласының «Өрлеу» БАҰО АҚ КДИ филиалының әдіскері Абдикалова Т.А. және «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының психологиялық қолдау бөлімінің басшысы Капанова Г.К. қатысады.
Вебинар барысында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктері және жасөспірімге жеке көмек беру бағыты қарастырылады.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:21.09.2022
- Басталу уақыты:16:00
- Аяқталу күні:21.09.2022
- Аяқталу уақыты:18:30
- Number of Participants:8 777 575 5559