Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде стратегиялық сессия өтеді

  • 28.03.2023 - 10:00

28 наурызда «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты мен Томск қаласының «Открытый молодежный университет» ДПО халықаралық ынтымақтастық шеңберінде «Қазіргі және болашақ мамандық таңдауда оқушылардың цифрлық дағдыларын дамыту мен кәсіби навигациясы» тақырыбында стратегиялық сессия өтеді.
Стратегиялық сессияға Астана қаласының жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, 5-11 сыныптардың информатика мұғалімдері, бастауыш сыныптардағы информатика мұғалімдері, кәсіптік бағдарлау жөніндегі менеджерлер қатысады.
Сессия 1-11 сынып оқушыларының цифрлық дағдылары мен инженерлік ойлауын дамытуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылады, бұл қазіргі қоғам мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап береді.
Күтілетін нәтижелер: оқушылардың цифрлық құзыреттілігі мен инженерлік ойлауын дамытуда негізгі және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері арасында өзара тәжірибе алмасу, жаңа білім мен кәсіби дағдыларды игеру.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:28.03.2023
  • Басталу уақыты:10:00
  • Аяқталу күні:28.03.2023
  • Аяқталу уақыты:16:00
  • Number of Participants:8 (7172) 49 22 96

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар