Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні «Өрлеу» БҚО институты мен «Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесуде екі тарап педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету, кеңес беру, озық іс-тәжірибелерін облыстық, республикалық деңгейде тарату мақсатында бірлесе жұмыстануды қолға алатын болды.
Алдағы уақытта меморандум аясында педагогтердің озық педагогикалық тәжірибесін таратып, түрлі деңгейдегі конференция, семинар, дөңгелек үстел, байқаулар және тағы басқа шараларды бірлесіп өткізбек.
«Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты» директоры Қанат Егенбердиев білікті педагогтердің көшпелі тәжірибелік сабақтарына курс тыңдаушыларының қатысуына қолдау көрсететінін жеткізді.
Кездесу соңында Оралдағы «Өрлеу» институтының директоры Софья Измуханбетова Қанат Әлімжанұлына алғысын білдіріп, бірлесе атқаратын іс-шаралардың нәтижелі болатынына сенім білдірді.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:21.04.2025
- Аяқталу күні:21.04.2025