Құрметті қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің мұғалімдері!
Өрлеу Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай 2025 жылдың 20 ақпанында ««Қаһар» романындағы тарихи және әдеби құндылық» тақырыбы бойынша шығармашылық хакатон өткізеді.
Іс-шараның мақсаты:
- Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Өзара тәжірибе алмасу және мұғалімдер арасында шығармашылық байланыс орнату;
- Романды тереңірек зерттеу арқылы оқыту тәжірибелерін в жетілдіру.
Шығармашылық хакатонға қатысу шарттары:
- Алматы қаласы бойынша қазақ тілі және әдбиеті мен тарих пәні мұғалімдерінен құралған командалар қатысады.
- Команда құрамында 6 мұғалім (мысалы: 3 әдебиет, 3 тарих мұғалім) болады.
- Қатысушылар хакатон бағыттары бойынша (тарихи, әдеби, креативті және интерактивті) бір тақырыпты таңдап, жоба әзірлеп, қорғайды. Шығармашылық хакатон Ережесі
Өтетін орны мен күні:
- Өтетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі, 298/4, «Ұстаздар үйі» ғимараты, 3-қабат, мәжіліс залы.
- Өткізу күні: 2025 жылғы 20 ақпан.
- Әр ауданнан қатысушылар туралы сұранысты 2025 жылдың 17 ақпанына дейін esentaeva_aizhan@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Барлық шығармашыл ұстаздарды осы ерекше іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Ұйымдастырушы:
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты.
Ынтымақтастықта жұмыс жасап, тәжірибемен бөлісетін жарқын сәттерде кездескенше!
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:20.01.2025
- Басталу уақыты:09:00
- Аяқталу күні:17.02.2025
- Аяқталу уақыты:18:30
- Орналасқан жері:Алматы қаласы, Төле би көшесі, 298/4, «Ұстаздар үйі» ғимараты