2024 жылдың 24 қазанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» ұстанымын қолдау әрі дамыту аясында «Ұлттық құндылықтар және қазақстандық білім беру жүйесіндегі этнопедагогика: бүгінгі жағдайы мен келешегі» атты (онлайн-оффлайн форматта) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Ұлттық құндылықтар және заманауи оқу-тәрбие үдерісі
- Қазақстандық білім беру жүйесіндегі этнопедагогика
- Ұлттық тәрбие және ғылым
- Digital Kazakhstan: заманауи оқытудағы озық әдістемелік тәжірибелер.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға отандық және шетелдік педагог-ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, магистранттары және студенттері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен тренерлері қатысады.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:24.10.2024
- Басталу уақыты:10:00
- Аяқталу күні:24.10.2024
- Аяқталу уақыты:17:00
- Орналасқан жері:Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты