“Өрлеу” – Астана кәсіби даму институты қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін 80 сағаттық біліктілікті арттыру ақылы курстарын өткізуді жоспарлауда

  • 10.05.2023 - 11:00

Мамыр айына “Өрлеу” – Астана кәсіби даму институты қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін 80 сағаттық біліктілікті арттыру ақылы курстарын өткізуді жоспарлауда.
Курстардың тақырыптық бағыттары:
Әлеуметтік педагогтерге арналған: «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдаствру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;
Ағылшын тілі мұғалімдеріне: «Ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;
Интернаттық ұйымдардың тәрбиешілері үшін: «Интернаттық ұйымдарда тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыру бойынша педагогтердің психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту»;
Орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған: «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары»;
Курсқа қатысу үшін astanaipk@orleu-edu.kz электрондық поштасына өтінім жіберулеріңізді сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) 49 22 96

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:10.05.2023
  • Басталу уақыты:11:00
  • Аяқталу күні:20.04.2025

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар