Ағымдағы жылдың 24 ақпанында №45 “Самұрық”, №47 “Ақ желкен”, №66 “Толағай”, №71 “Мөлдір” балабақшаларының педагогтерін курстан кейінгі сүйемелдеу жоспарын іске асыру шеңберінде «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында “Facilitated Action Research”(FAR- жеңілдетілген іс-әрекеттегі зерттеу) тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтерін қолдау және көмек көрсету үшін зерттеу белсенділігін дамыту нысаны негізінде ұйымдастырылып өткізілді.
Семинар барысында кафедра меңгерушісі – Хабат Мадениет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін Facilitated Action Research (FAR- жеңілдетілген іс-әрекеттегі зерттеу) маңыздылығын ашып, қызметті зерттеудің әдіснамалық негізін және оны өткізу кезеңдерін ұйымдастыру мәселесі егжей-тегжейлі зерделенді. Нәтижесінде практикада жүзеге асыру и үшін балабақшаларға ұсыныс жасалды.
