27 наурызда ШҚО бойынша «Өрлеу» филиалы «ICILS халықаралық зерттеуіне дайындық аясында 8-сынып оқушыларының IT құзыреттілігін дамыту» оқу семинарын өткізді. Бұл шара ШҚО бойынша «Өрлеу» және облыстық білім басқармасының бірлескен жоспары аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл шарада облыстың халықаралық ICILS зерттеулерге қатысатын мектеп басшылары мен педагогтеріне «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ педагогтері И.Кованова, С.Вансович, А.Сахуанқызы консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті, сондай-ақ оқушыларды ICILS зерттеуіне дайындауда педагогтерге нақты әдістемелік көмек көрсету мәселелері талқыланып, 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылық деңгейіне әсер ететін себептері анықталды.
ICILS – бұл әлемдегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу. Зерттеу аясында оқушылардың компьютерді пайдалану, ақпарат жинау, ақпараттық өнімді құру және сандық байланыс принциптерін түсіну деңгейі бағаланады.
ICILS зерттеуі әр бес жыл сайын жүргізіледі. 2018 жылғы ICILS халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстанның оқушылары 378 балл жинап, республика бойынша 5 орынға ие болған.
ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің келесі циклінде қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жоғары деңгейге көрсетеді деп сенеміз.


