Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерінің мұғалімдері мен білім саласы қызметкерлерінің II Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті.
ТМД-ның 6 елінен (Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей) 30-дан астам педагог «Мұғалім», «Тәрбиеші», «Психолог/әлеуметтік педагог» номинациялары бойынша үздік атану үшін қатысты. Конкурсқа қатысушылар мастер-кластар өткізіп, өздерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.