Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 2-сі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқытушыларына арналған «IN TREND» онлайн корпоративтік оқу бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы №125 Халықаралық мектептің директоры Абдуллах Иылдырайдың қатысуымен кездесу өтті.
Оқудың тақырыбы — «21-ғасыр білімі: өткенннен болашаққа сапар»— қазіргі білім берудің ең өзекті бағыттарын қамтыды.
Спикер Сингапурдың білім беру жүйесіне жан-жақты тоқталды. Бұл модельдің ерекшелігі — икемділік, технологиялық даму және әрбір баланың қабілетін ашуға бағытталуы.
Өз тәжірибесіне сүйене отырып, Абдуллах Иылдырай сингапурлық тәсілдің негізгі ерекшеліктерін атап өтті:
• ағылшын тілі — негізгі оқыту тілі;
• шетелде білім алуға мүмкіндік;
• баланың қабілетіне қарай білім беру бағдарламасын таңдау;
• XXI ғасыр дағдыларына басымдық — сыни ойлау, жауапкершілік, шығармашылық;
• мектептердің жоғары деңгейде жабдықталуы;
• мұғалімдердің тұрақты сертификаттаудан өтуі және біліктілігін арттыруы;
• математика, жаратылыстану және негізгі академиялық пәндерге ерекше көңіл бөлу.
«Өрлеу» «IN TREND» және үздік сарапшылармен бірге алға жылжуды жалғастырады.

