InTrend: Киберқауіпсіздік негіздері

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында InTrend корпоративтік оқыту бағдарламасы жалғасуда. Кәсіби ұжым қызметкерлеріне Ақпараттық қауіпсіздік офицері Асель Шингисова «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар дербес деректер мен жұмыс тіркелгілерін қорғау тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбаны қауіпсіз пайдалану, ашық дереккөздермен жұмыс істеудегі тәуекелдерді азайту, сенімді құпия сөздерді құру және сақтау, интернетке қосылған құрылғыларды қауіпсіз пайдалану қағидалары жан-жақты қарастырылды.

Спикер әрбір қызметкердің киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті. Бір ғана қателік деректердің бұзылуына, қаржылық шығындарға және ұйым беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екені айтылды.

Дәріс интерактивті форматта өтіп, аймақтық филиалдардың онлайн қосылу қатысушыларға пікір алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар