InTrend корпоративтік оқыту қайта жалғасты

Жаңа оқу жылында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының InTrend корпоративтік даму бағдарламасы алғашқы дәрісін өткізді. Кәсіби ұжым қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері Сакенов С.Е «Ұйымдағы комплаенс: ішкі бақылау жүйесіндегі орны мен маңызы» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
Тренинг барысында ішкі бақылау жүйесінің құрылымы мен комплаенс мәдениетін қалыптастыру қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:

  • комплаенс-бақылаудың ішкі бақылау жүйесіндегі орны;
  • реттеуші тәуекелдер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар;
  • «Үш қорғаныс желісі» үлгісі;
  • комплаенс мәдениетін дамытуға арналған коммуникация және оқыту тәсілдері.
    Дәріс интерактивті форматта өтіп, аймақтық филиалдар онлайн қосылып, пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар