Ағылшын тілі мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы басымдықта

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Британдық Кеңес халықаралық ұйымымен бірлесіп ағылшын тілі мұғалімдері үшін үздіксіз кәсіби дамудың пилоттық бағдарламасын іске қосуда.  Аталмыш іс-шара аясында Өрлеу-Павлодар филиалының қабырғасында ү.ж. 24-қараша күні «Ағылшын тілі мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шара онлайн және оффлайн форматында өтті. Қатысушылар қатарында Павлодар облысынан Future English Online Teacher Community платформасында білім алып жатқан қала және ауыл мектептерінің шет тілі ұстаздары, Британдық кеңес тренері Г. А. Хамитова,  Торайғыров Университетінің аға оқытушысы,  педагогика ғылымдарының кандидаты, PhD-доктор Е.Ю. Погожева, Б. Ахметов жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Б.Т. Муканова және университет магистранттары мен педагогикалық колледж студенттері болды.

Кездесудің спикерлері пилоттық жобаның республикалық координаторы Нұрсұлу Сүлейменова мен Британдық Кеңестің ағылшын тілі жобалары бойынша менеджері Ардақ Бектурова курс жайында толық ақпаратпен бөлісіп, жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, Өрлеу Британдық Кеңес халықаралық ұйымымен бірлесіп еліміздің 2000-нан астам ағылшын тілі мұғалімдері үшін үздіксіз кәсіби дамуға арналған курс өткізуде. Бұл шет тілі ұстаздары үшін 10 апта бойы асинхронды форматта қосымша білім алып, халықаралық жоба аясында Армения, Әзербайжан, Грузия, Украина және Өзбекстан мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Павлодар аймағынан курсқа 41 мұғалім, оның 18-і бірінші ағымға іліксе, 23 ұстаз екінші ағымда кәсіби дамуына мүмкіндік алған.

  • Бағдарма маған өте ұнады, өйткені біріншіден, ол асинхронды форматта өтіп, жұмыспен бірге қатар білім алуыма мүмкіндік береді. Ал екіншіден, біз апта сайын шетелдік әріптестерімізбен конференцияға қатысып, тәжірибе алмаса аламыз, ал үшіншіден білімімнің артып жатқанын оқушыларым да байқап жатады, себебі мен өз сабақтарымда осы курсатардан алған жаіаша ақпараттарды қолданып жүрмін, – дейді Альмира Абишева, Future English Online Teacher Community бағдарламасының қатысушысы.

Курсқа қатысу үшін ұстаздардың білімі В1 деңгейінен төмен болмауы керек, сондай-ақ, Британдық кеңес өкілдерінің айтуынша  курстың екінші ағымына қатысу үшін желтоқсан айының 6-сы мен 15-і аралығында өтінім қалдырған ұстаздар тестілеуден өтетін болады.

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?