«Болашақ» халықаралық стипендиясының жеңімпаздары

24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті құрылуы өтті. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері әлемнің 27 елінің жетекші университеттерінде, ғылыми-өндірістік орталықтарында академиялық оқу және тағылымдамадан өтеді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Жамбыл облысы бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Мирзалиева Эльмира және кафедраның аға оқытушысы Хайрушева Жанар республикалық комиссияның шешімімен биылғы үшінші іріктеу ағынының қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Тағылымдама бағдарламасы Эстониядағы Тарту университетінің Нарва колледжінде өтеді. Әріптестерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Гаухар Таджибаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?