Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту

2021 жылдың 1 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-тәжірибелік жұмыстары жоспарына сәйкес “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту» тақырыбында Ақтөбе қаласы № 10 ЖББОМ эксперименттік алаңында тәжірибелік семинар өтті.

Әдістемелік шара барысында ғылыми-тәжірибелік жұмыс бойынша жасалынған жұмыстар мен талдаулар, проблемалық және жетістік алаңдары сөз болды. Сонымен бірге, семинар қатысушылары аталған эксперимент бойынша республикалық “Өрлеу” білім беру және YouTube каналында орналастырылған цифрлық білім беру ресурстарымен танысып, пікір алысты.

Семинар соңында модератор-институттың аға оқытушысы, п.ғ.м. К. Рахатованың ұйымдастыруымен жұмысты жалғастыру мен нәтижесін саралау туралы бірқатар ұсыныстар қабылданды.

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?