Білім беру процесінде SMART технологияларды қолдану

19 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және институттың 70 жылдығы аясында  өткізген «Білім беру процесінде SMART технологияларды қолдану» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық отырысында әдіскер, гуманитарлық ғылымдар магистрі М.Т.Адилханова  Ақтөбе қаласы №61 ЖББОМ химия пәні мұғалімі М.А.Жарылқасынмен бірге оқу процесінде виртуалды зертханалардың мүмкіндіктерін қолдану туралы іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Секциялық отырыс барысында білім алушылардың үздіксіз білім алуына, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту бағытында SMART технологияларды тиімді қолдану, оқыту сапасын арттырудағы SMART тeхнологиялардың рөлі, цифрландыру жағдайындағы тәрбие мәселелері қарастырылды.

Ақтөбе-«Өрлеу» Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ-ға конференцияға қатысуға мүмкіндік жасағаны және ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?