Креативті педагогтың шығармашылық құзіреттілігін дамыту

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында институттың эксперимент алаңы  Ақтөбе қаласы №6 Ғ.Ақтаев ат. ЖББОМ сұранысына орай «Креативті педагогтың шығармашылық құзіреттілігін дамыту» тақырыбында, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент А.К.Каплиеваның ұйымдастыруымен семинар өтілді.

Семинар өзектілігінде қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтағы өзгерістер  мен әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыруда мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру басты ерекшелік болып табылатындығы туралы айтылды. Семинарда мұғалімдер «Кәсіби даму», «Шеберлік траекториясы», «Зерттеу қадамдары» іскерлік тапсырмалар орындау  арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімнің өзіндік зерттеу шығармашылығы және дарынды оқушылармен ғылыми – зерттемелер жүргізуде  тиімді әдіс—тәслідерін жүйелеу жолдары талқыланды.

Семинар кейс-талдау  арқылы қортындыланды.

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?