Облыстық акцияға қорытынды жасалды

 Ағымдағы жылдың 30 қарашасында институт жоспарына сай, білім берудің барлық саласының педагогтер қауымы үшін /2021 жылдың 25 ақпаны – 25 қарашасы/ арасында өткізілген «Туған өлкеге қосқан үлесім» тақырыбындағы Облыстық акция өз мәресіне жетті.

Акция мақсаты – білім беру саласында өз өлкесінің дамуына үлесін қосқан педагогтердің туған өлкесіне қосқан үлесін зерделеу, зерттеудегі ізденістерін, жетістіктерінің мұрағаттар қорын жинақтау. Облыстық акция ережесіне сай қатысушылар өз туған ауылының тарихы мен тарихи шежіресінен, педагогтер ұрпақтары (династиясы) туралы туған өлке деректемелері туралы жинақтаған суреттемелерін, мәнжазбаларын, альманахтарын, бейнеүзінділерін жіберді.

Акция ережесіне сай 25 қарашаға дейін келіп түскен зерттеме жұмыстарын эксперттік комиссияның шешімі бойынша сараптама жасалып, бағамдау ережесіне сай, іріктеліп қортындысы бойынша марапаттауға ұсынылды.

«Ақтөбе-Өрлеу» байқау жеңімпаздарын құттықтайды

«Туған өлке шежіресі» акциясы қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

1.         Коптлеуова Сандугаш Мубараковна – Ойыл ауданы Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі («Туған өлке шежіресі» бағыты бойынша);

2.         Ермекова Гүлназира Кенжесқызы – Шалқар ауданы, Қарашоқат жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі («Педагогтер ұрпақтары (династиясы)» бағыты бойынша);

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

1.         Алиев Жарас Беркінұлы – Ақтөбе қаласы, Новый орта мектеп-лицейінің жоғарғы санатты тарих пәні мұғалімі, зерттеуші  («Туған өлке тарихы» бағыты бойынша);

2.         Төлеухан Нұрбақыт Наурызқызы – Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы («Туған өлке шежіресі» бағыты бойынша).

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

1.         Алдиярова Акерке Кулымбетовна – Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы, география пәні мұғалімі («Туған өлке тарихы» бағыты бойынша);

2.         Өтесін Мәди Өтесінұлы – Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының биология пәні мұғалімі («Туған өлке шежіресі» бағыты бойынша);

3.         Баекина Аяжан Елеусізқызы – Ақтөбе қаласы, Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары («Педагогтер ұрпақтары (династиясы)» бағыты бойынша);

4.         Ибрагим Айнұр Отарбайқызы – Темір ауданы, №3Шұбарқұдық ОМ, Орымбай Арайлым Саламатқызы – Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебі

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?