Оқушылардың Soft skills дамыту

Ақтөбе-Өрлеу ” аға оқытушысы Л.Л. Отарбаева оқушылардың икемді дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін талқылау мақсатында “Оқушылардың Soft skills дамыту” тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар барысында теориялық материалдар қарастырылды, дағдыларды қалыптастыру бойынша технологиялар ұсынылды: eduScrum, дизайн-ойлау, сондай-ақ Canva, trello, miro платформалары. Бұл семинар фондық тренингті, “Шеберлер қаласы” социометриясын, ss диагностикасын пайдалана отырып өткізілді. Әрбір қатысушы өз пікірін ашық білдіріп, тәжірибесімен бөлісе алды. Өзінің икемді дағдыларын дамытатын мұғалім ғана оларды оқушыларында сәтті дамыта алады, іс-шараның барлық қатысушылары осындай қорытындыға келді. Семинар өз мақсатына жетті.

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?