Оқытудың белсенді тәсілдері

Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні, «Ақтөбе-Өрлеу» филиалы кафедраларының оқытушы-профессорлық құрамы, «Атырау-Өрлеу» филиалының ұйымдастырумен «Оқытудың белсенді тәсілдері»  тақырыбында өтілген вебинарға қатысты.

Вебинар мақсаты – институт кафедраларының оқытушы-профессорлық құрамының өзіндік білім жетілдіру жоспарына сай, педагогикалық қоғамдастық құру және қарым-қатынаста өз ара тәжірибе алмасу.

Вебинарды «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының м.а. Гүльмира Әлім ашты.

Алғашқы сөзде «Ақтөбе-Өрлеу» филиалының «Жаратылыстану ғылыми және қоғамдық пәндерді оқыту» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к Давлеткалиева Е.С. вебинардың ерекшелігі мен мазмұнын таныстырып өтті.

Вебинарда кафедра меңгерушілері Каплиева А.К. /Ақтөбе/, Торебекова Э.А. /Атырау/, филиалдардың  кафедра аға оқытушылары, п.п.ғ. магистр, тренерлері: Шаштығарина С.М. /Ақтөбе/., Рахатова К.Ж. /Ақтөбе/., Ажигулова М.С. /Атырау./, Сарсекенова А.Б. /Атырау/ кәсіби біліктілікті арттыруда оқытудың белсенді әдістері: интербелсенді әдістеме, белсенді тәсілдердің маңызы, педагогтердің сыни ойлау дағдыларын дамыту,         «Case study» технологиясы,  педагогтердің зерттеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту туралы өзіндік тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар « Тәжірибе жетістігі» кері байланысы арқылы қорытындыланды.

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?