Пайымы бөлек ПЕРУЗА!

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Айдың үздік қызметкері» конкурсының жеңімпазын айқындады. Қараша айының қорытындысымен Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Асылбек Перуза Өзенбекқызы жеңімпаз атанды.

Перуза Өзенбекқызы 1964 жылдың қаңтар айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Комунар ауылындағы ұстаздар отбасында дүниеге келген.

1981 жылы орта мектепті, 1987 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ – ды (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінің корректоры болып бастаған жас журналист 1994 жылдан бастап «Байланыс» газеті редакциясының шығармашылық қызмет бөлімінің меңгеруші қызметіне жоғарылатылады. 1997-2002 ж.аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне қарасты «Ваш транскурьер» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарады.

2009 жылдан бастап «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында, адамның гормондық Даму институтында бас маман қызметін абыроймен атқарған тынымсыз жан 2011 жылдан күні бүгінге дейін «Алматы ұстазы/Учитель Алматы» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналының жауапты редакторы қызметінде қаламын ұштап келеді.

2012 жылдан бастап «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы қызметінде болған уақыт аралығындағы П. Ө. Асылбектің баға жетпес үлесін атап өту маңызды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ қызметін республикалық теледидарда, республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде танымал етіп келеді. Пандемия жағдайында қашықтықтан білім беруді қолдау бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ тренерлерінің сапалы қызметін қамтамасыз етуде.

2014 жылы Педагогика және психология мамандығы бойынша «Бейбітшілік мұрасындағы отбасылық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін қорғады.

Асылбек П. Ө. – «Мәңгілік мұралардағы отбасы тәрбиесі», «Тіл – таным және патриоттық тәрбие құралдары», «Қазақ халқында отбасы тәрбиесінің қалыптасуы» атты ғылыми мақалалардың авторы.

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі. Республикалық білім беру-ғылым технологиясы порталының «Үздік автор» құрмет белгісімен марапатталған. www.orleu.kz.

Асылбек П. Ө. жұмыс барысында шешімнің жаңа тәсілдерін іздеуді қарастыратын тапсырмаларды қосу арқылы бөлімде тұрақты уәждемені қамтамасыз етуі жағынан да әріптестерінің құрметіне ие. Жоғары кәсіби журналист, білікті басшы және адал қызметкер ретінде де танымал. Ерекше еңбегі үшін бірнеше рет «Өрлеу» БАҰО» АҚ және Алматы қаласы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және бірнеше дүркін Алғыс хаттармен  марапатталған.

Ш. Битен

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?